Зерттеулер

Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндама

Осы жұмыста Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер институтының дамуына талдау жасалған. Қоғамдық кеңестердің сапалық және сандық құрамы призмасы арқылы өңірлік және орталық қоғамдық кеңестердің қызметін талдау кезінде Қазақстандағы қоғамдық кеңестер институтын дамыту мәселелері зерделенді. Зерттеу шеңберінде 1200 респондентті қамти отырып, жаппай сауалнама және Қазақстанның 17 өңіріндегі қоғамдық кеңестердің 50 өкілін қамти отырып, жан-жақты сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, өңірлік және республикалық интернет-ресурстардың мониторингі арқылы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы халықты хабардар ету қалай жүзеге асырылатыны қаралды. ҚР қоғамдық кеңестерінің қызметі саласындағы нормативтік – құқықтық актілер қаралды.

Сапалық және сандық құрамды, интернет-ресурстарды, сауалнамаларды талдау негізінде ұсынымдар берілді, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мүшелеріне шешу үшін кейстер мысалдары ұсынылды.

Даму дәрежесі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер институтының жұмысы қолданысқа енгізілген сәттен – 2016 жылғы қаңтардан бастап назарда тұр. Жұмыстың жүйелі негізде құрылуы: қолданыстағы заңнама бөлігіндегі өзгерістер мүдделі тараптардың – халықтың, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қоғамдық нысандардың дамуы байқалады.

Талдау аясында бірқатар шетелдік авторлардың, олардың ішінде: Дж.Зиммерманның, В.О.Лучиннің, Н. А.Боброваның, А. Н. Пархоменконың, В. В. Комарованың, А. В. Кудрявцевтің, Н. В. Юдинаның, Д. А. Околышевтің, И. А. Околышеваның, Г. Н. Чеботаревтің, О.Аверниевтің, С. М. Зубаревтің, H. H. Кулешованың, О. С. Забраловтың, Е. Н. Кобыльченконың, В. В. Грибтің және т. б. еңбектері қаралды, сонымен қатар ақпараттық және желілік порталдардың материалдары, ашық деректер зерттелді.

Мақсаты – Қазақстан Республикасында қоғамдық кеңестер институтының дамуын талдау.

Міндеттері:

1) қоғамдық кеңестердің сапалық және сандық құрамы призмасы арқылы өңірлік және орталық қоғамдық кеңестерге талдау жасау;

2) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қоғамдық кеңестердің қызметі туралы халықты хабардар ету мәні және қоғамдық кеңестердің қызметі туралы халықты хабардар ету нысаны тұрғысынан талдау жасау;

3) 1200 респондентті қамти отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізу;

4) бір өңірдің кемінде 3 өкілін қамти отырып, қоғамдық кеңестер мүшелеріне жан-жақты сауалнама жүргізу;

5) қоғамдық кеңестер қызметінің оң практикасының мысалдарын қарастыру;

6) ҚР қоғамдық кеңестерінің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ қоғамдық бақылау функцияларын іске асыру кезінде қоғамдық кеңестердің қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл тетіктерін талдау.

Зерттеу нысаны. Зерттеу барысында: өңірлік және республикалық деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мүшелерінің сандық көрсеткіштері; қоғамдық кеңестердің сайттары мен әлеуметтік парақшалары; халықты қоғамдық кеңестердің қызметі туралы хабардар ету призмасы арқылы өңірлік және республикалық БАҚ-тағы жарияланымдар; қоғамдық кеңестер институтының іс-қимылы бөлігіндегі заңнамалық база қаралды.

Зерттеу пәні – қоғамдық кеңестер институтын дамытуда қолданылатын құралдар мен тетіктер. Зерттеу проблемасы қоғамдық кеңестер институтын дамытуда қолданылатын құралдар мен тетіктер бағалаудың тиімділігіне әр түрлі әсер етуінен туындап отыр.

Бұл зерттеу қолда бар тәсілдерді анықтауға және олардың негізінде жаңаларын ұсынуға бағытталған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button