Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ қызметкерлері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» Басқарма Төрағасының орынбасарлары Роза Кәрібжанова мен Әсем Қайдарова марапатталды.

Мерейтойлық медальдарды «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма Төрағасы Данияр Есин табыстап, медаль иегерлеріне ғылым мен қоғамдық жұмыстарда жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі елімізде қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан, Қазақстан халықтарының бірлігін қамтамасыз етуге еңбек сіңірген, Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін күшейтуге қолдау көрсеткен, қазақстандық бейбіт және келісім тәжірибесін шетелде жүзеге асырған, сондай-ақ, Қазақстан халықтары мен өзге елдердің қарым-қатынасын арттыруға ат салысқан Қазақстан Республикасы мен шетелдік азаматтарға табысталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button