Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 57% – дан астамы білім беру қызметтерінің жоғары құнына алаңдаулы – әлеуметтік зерттеу

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша экспресс-сауалнама» тақырыбына әлеуметтанулық зерттеудің төртінші өлшемін өткізді.

Телефон сауалнамасы арқылы 2020 жылдың 23-27 мамыры аралығында барлық Қазақстанның өңірлерінің тең өкілдігімен 1200 адам қамтылды. Зерттеу барысында халықтың өзекті мәселелері, қазақстандықтардың билікке сенім деңгейін талдау және халықтың электоралды ұстанымдарының деңгейін бағалау болды.

Сауалнама көрсеткендей, халықтың мәселелері рейтингін бұрынғысынша бірінші қажеттілік тауарларының жоғары бағасы, төмен табыс деңгейі, сондай-ақ медициналық қызметтердің бағасыың жоғары болуы және медицина қызмет көрсету сапасының төмендігін елеулі мәселе ретінде көрсетті. Айта кету керек, соңғы айда қазақстандық отбасылардың жартысынан астамы табыстың қысқаруына тап болды.

Бұл жолы өзекті мәселелердің бестігіне білім беру қызметтерінің жоғары құны енді. Мектеп бітірішу сыныптарда оқу жылының аяқталуына байланысты тұрғындар алдында одан әрі білім алу туралы сұрақ қойылды.

Қазақстандықтардың кемінде 58% елдің мемлекеттік органдарына сенім  ұялатады. Азаматтар көп жағдайда Президент пен Үкіметке сенеді, сонымен қатар халықтың Жоғарғы сотқа деген сенімі артты.

«Нұр Отан» партиясы халық арасында ең танымал болып қала береді – сайлау кезінде азаматтардың жартысынан астамы, оның пайдасына дауыс беруге дайын.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button