Жаңалықтар

Ерлердің 62,7 пайызы бала тәрбиелеумен айналысады екен Әлеуметтік зерттеу

1 маусымда бүкіл әлемде Балаларды қорғау күні тойланады«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» сарапшылары көп балалы отбасылар арасындағы «Қазақстандық көп балалы отбасыларының (төрт және одан да көп бала) жағдайы мен дамуын зерттеу» әлеуметтік зерттеу мәліметтерімен бөлісті, оның нәтижелері төменде келтірілген.

ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының деректері бойынша көп балалы отбасыларының 62,7% – ында ер адамдар балалардың тәрбиесімен әйелдермен тең дәрежеде айналысады. Бұл ретте балаларды тәрбиелеуге қатысатын әйелдер саны 14,7% – ға артық.

«Көп балалы отбасыларының 34,8% –  балаларды тәрбиелеуде жасөспірім балалары көмектесетінін, 17,1% – күйеуінің ата-анасы көмектесетінін, 11,7% – ешкім көмектеспейтінін және сұралған респонденттердің тек 2,7% бала күтуші қызметін пайдаланатынын айтты», – деп ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының сарапшысы Әйгерім Ашимова зерттеуге түсініктеме берді.

Сондай-ақ, зерттеу шеңберінде ерлі-зайыптылардың балаларды күтумен туыстарының көмегінсіз өз бетінше айналысатын топ-5 облыс тізімі ұсынылған.

«Аймақтық зерттеу кесіндісі балалардың күтімімен өздері айналысатын ерлі-зайыптылардың саны ең көп Түркістан облысында – 82,4% екенін көрсетті. Рейтингте екінші орынды 78,7% нәтижесімен Ақтөбе облысы иеленеді және көшбасшылар үштігін Павлодар облысы түйіндеді – 77,8%», – деді ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының сарапшысы Әйгерім Ашимова.

Жасөспірім балалары ата-аналарына өздерінің кіші інілерін/қарындастарын күтуге жиірек көмектесетін өңірлер  – Қарағанды облысында – 64,2%, Павлодар облысында – 57,8%, Жамбыл облысында – 53, 6%. 50%-дан сәл азырақ көмегін Солтүстік Қазақстан облысында көрсетеді – 47,1%, және Атырау облысында – 46,9%. Ата-аналарына баланы күтуге ең аз көмек көрсететін жасөспірімдер Ақтөбе облысында – тек 6,4%.

Қызылорда облысында күйеуінің ата-аналарының 42,5%-ы немерелерін күтуге көмек көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысында сұралғандардың 20%-ға жуығында немерелерін күтумен әйелінің ата-аналары айналысады, Қарағанды облысында 17,6%-ы айналысады. Жиен немерелерін күтумен айналысатын нағашылардың ең азы  Батыс Қазақстан облысында (2,7%), Қызылорда облысында (2,5%) және Ақтөбе облысында (2,1%).

Әлеуметтік зерттеудің мәліметтерінде: «Сіз балаларға қатысты олар мойынсұнбаған немесе жазықты болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?» деген сұрақ бойынша сұралған ата-аналарының 74,9% – ы еш жаза қолданбай балаға жағдайды түсіндіруді жөн көретінін атап өтті. Айғай мен дауыс көтеруді тәрбиелік шара ретінде респонденттердің 33,6% – ы қолданады. Тыйым салуды сұралғандардың 26,7% – ы қолданады.

«2019 жылы «Отбасылық-демографиялық саясат» әлеуметтік зерттеуі жүргізілді.  Онда респонденттер «Өз балаларыңызбен қанша уақыт өткізесіз?» деген сұраққа жауап берді. Сонда 48,2% -ы өз балаларының жанында үнемі болатынын айтты. Биыл біз пандемияны ескере отырып жағдайды көрсететін, өткен жылғы зерттеу өзгерістерінің динамикасын өлшеуді жоспарлап отырмыз», – деді Әйгерім Ашимова.

Еске сала өтелік, «Қазақстандық көп балалы отбасыларының (төрт және одан да көп бала) жағдайы мен дамуын зерттеу» әлеуметтік зерттеуі 2020 жылы ақпан-наурыз айларында өткізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button