Жаңалықтар

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Бұған дейін Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.

1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қызметін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Аталған министрлік жүйесінде 2004 жылға дейін жетекші ма-маннан бастап Алматы қаласының Ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушысына дейін түрлі қызметтер атқарған.

2004 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті бастығы директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2006 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры болып ауысты.

2008 жылдың 16 сәуірінен бастап Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, кейін басқарма бастығы болып жұмыс істейді.

2010 жылы Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019 жылғы 22 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру»  Балаева Аида Ғалымқызын жаңа лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жұмыста табыс тілейді!

Басқа жаңалықтар

Back to top button