Жаңалықтар

«Өзгерістердің саруарлары» акселераторы онлайн-режимге ауыстырылды

«Төтенше жағдай мен елде енгізілген карантинге байланысты акселератордың жұмысы онлайнрежимге көшеді», – деді «ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» КЕАҚ талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі және жобаның кураторы Людмила Бурлаченко.

– «Акселератор бағдарламасы аясында вебинарлар сериясын өткізу жоспарланудаСтратегиялық сессиялар мен жұмыс топтары да онлайн өтетін болады».

Сарапшы атап өткендей, «акселерация бағдарламасы әрбір жобаның қажеттіліктеріне бейімделедіосы кезеңде дамудың жеке жоспарларын қалыптастыружаңа тәсілдер мен форматтарды басқаруға дайындалужобаларды масштабтау үшін технологиялық пакеттерді қалыптастыруды бастау аса маңызды».

Оның айтуыншаонлайнрежимде жұмыс істеу болашақта ақселератордың қызметін кеңейтумұндай жұмыс тәжірибесін өңірлерге тарату үшін маңызды.

«Біз қалыптасқан жағдайды осы процесті жеделдету үшін пайдаланамыз», – деді Бурлаченко.

Естеріңізге сала кетейік, 14 және 15 наурызда «Өзгерістердің саруарлары» жобасы аясында алғашқы сессиялар өттіСарапшылар жобалардың көшбасшыларымен жұмыс істей бастадыжобалық командалардың әлеуетін анықтадытұрақты даму мен масштабтау жолында әрбір жобаның қажеттілігін жинақтады.

«Өзгерістердің саруарлары» әлеуметтік жобалардың акселераторын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты өткізедіАкселераторға енген жобалар масштабтауақпараттық қолдауқаржыландыру көздерін іздестірудебизнесжоспарды әзірлеудежаңа серіктестер мен зәкірлі ұйымдарды іздестіруде жәрдемдесу мүмкіндігіне ие болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button