Жаңалықтар

Портал Ruh.kz «Рухани жаңғыру» аясында жаңа бағдарламалар циклы іске қосты

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» жанындағы Ruh.kz ақпараттық-танымдық порталы youtube желісіндегі ресми арнасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын дамытуды көздейтін жиырмаға жуық ақпараттық-ойын-сауық жобасының іске қосылғанын хабарлады.

Ruh.kz порталының ресми youtube арнасында, сондай-ақ порталдың басқа да аккаунттарында 13 бағыт бойынша бейне-бағдарламалар мен 9 бағыт бойынша аудиоподкаст шығады деп жоспарланған. Олардың барлығы да ұлттық бірегейлікті, отбасылы құндылықтарын, салт-дәстүр, қазақ әдебиеті, қазақ тарихы, IT тақырыптарын қамтыған.

Бағдароамалардың ішінде: «Асыл мұра» танымдық музыкалық бағдарламасы, «Ер қадірі» танымдық-тәрбиелік бағдарламасы, «Ерте, ертеде, ертеде» отбасылық-тәрбие бағдарламасы, белгілі блогерлер Өркен Кенжебек пен Яков Федоровтың қатысуымен «Birdeńe isteu kerek» бағдарламасы, «IT серуен» инновациялар туралы бағдарламасы, «Ақ сөйле, Азамат» білім және ғылым ісіне еңбек сіңірген қайраткерлермен сұхбат форматындағы бағдарламалар бар. Сонымен қатар, анимациялық танымдық және мотивациялық роликтер мен видеодайджестерді ұсыну күн тәртібіне қойылған.
Аудиоподкасттар қазақстандық мәдениетті танытуға бағытталғанын атап өткен жөн. Оның ішінде: «100 жаңа оқулық», «Жыр-Дария», «Хикмет кітабі», «Күй керуен», «Қазақ газетасы», «100 жаңа есім», «Абайды оқы, таңырқа!», «Құлыншақ», «100 әңгіме» подкасттары бар.

«Іске асып жатқан жобалар ауқымды, мақсатты аудиторияны қамтиды. Ең кішкентай пайдаланушылардан бастап аға ұрпаққа дейінгі оқырмандарымыз порталдан өзі үшін қызықты нәрсе таба алады деп сенеміз. Бұл ретте мемлекет үлкен қолдау білдіріп отыр», – дейді Ruh.kz порталының Бас редакторы Азамат Байғалиұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button