Жаңалықтар

«Өзгерістердің саруарлары». Өтінімдерді қабылдау аяқталды

Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың қаңтар айында қазақстандық «Рухани Жаңғыру» қоғамдық даму институты іске қосқан «Өзгерістердің саруарлары» ақселераторы аясында өтінімдер қабылдау аяқталды.

Ақселератор сарапшы-менторларының алғашқы кездесуінде 120 әлеуметтік жоба қаралды:

– Инклюзивті қоғамды дамыту (жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау);⠀

– Формалды емес білім беру шеңберінде (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру) өзекті құзыреттерді дамыту;

– Ауыл шаруашылығы, өлкетану, білім беру туризмін дамыту;
-Мәдениет, өнер және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін Art-алаңдарды дамыту;

– Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;

– Жүйелі жобалық ойлауды дамыту, көшбасшылық әлеуетті нығайту.

Сарапшылар ең көп өтінім инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жіберілгенін атап өтті.  «Сондықтан, акселераторға кіретін жобаларды соңғы іріктеу екі кезеңде өтеді: бес бағыт бойынша және инклюзия бойынша жеке».

Жобаның мақсаты-әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу үшін мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіру.

Миссия – жобаларға ақпараттық қолдау көрсету, қаржыландыру көздерін іздестіруге жәрдемдесу, бизнес-жоспарды әзірлеу, сондай-ақ жаңа серіктестер мен зәкірлі ұйымдарды іздеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button