Жаңалықтар

ҚҚДИ Ресейдегі халықаралық конференцияда этникааралық зерттеулер бойынша жобасын таныстырды

20 ақпанда Новосібір қаласында «ХХ век и модернизационные проекты на пространстве Евразии: российско-казахстанский диалог» атты халықаралық ғылымипрактикалық конференция аясында «Рухани жаңғыру «Қазақстандық қоғамдық даму институты» сарапшыларының «Этносы Казахстана: личность, история, память» жобасының тұсауын кесті.

Жоба Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары мен әлеуметтік-экономикалық өмірінде із қалдырған түрлі этностардың белгілі өкілдерін қамтыды.

Сонымен, ХХ ғасырдың басы мен ортасындағы мәдени және қоғам қайраткерлерімен қатар, жобада Герольд Бельгер, Нина Патрушева, Анатолий Храпатый, Денис Тен сияқты т.б. қазіргі Қазақстанның дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың еңбегі атап өтілді.

«Жұмыс адам жанын адамгершілік, дарындылық, отаншылдық және Қазақстанға шынайы сүйіспеншіліктің таңғажайып фактілерімен шабыттандыру және нәтижесін еселей түсу үшін жасалды. Біз қайраткерлердің жарқын плеядасын көрсеткіміз келді. Біздің тарихи-мәдени мұрамыз Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің қазақ халқымен бірге, ортақ рухани-зияткерлік үлесінің нәтижесі болып табылады”, – деп атап өтті «Рухани жаңғыру» этносаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Зулейха Марданова.

Жоба Ресей сарапшылары мен алыс және жақын шетелдердің этникааралық қарым-қатынастарын зерттеушілердің арасында үлкен қызығушылық туғызды. РҒА СБ тарих институтының директоры Вадим Наров «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» жүргізген зерттеулерін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Ресей Қазақстанның тәжірибесін қабылдап, зерттеу мен рухани жаңғыруды дамытудың барлық тармақтарын қамтитын осындай институт құруы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазақстан этностары: тұлға, тарих, есте сақтау» жобасы аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты 50 зиялы топ өкілінің электронды базасын «Қазақстан этностары: елдің дамуына қосқан үлесі. Біз» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы барысында таныстырған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button