Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңесті онлайн-трансляциялауды өткізу туралы

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Министрлік басшылығы мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінен әкімнің орынбасарлары, Ішкі саясат басқарма басшылары және өңірлік жобалық кеңселердің өкілдерінің қатысуымен кеңестің онлайн-трансляциясы өтетіндігін хабарлайды. Кеңесте қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы өңірлік жоспарлар талқыланады.

Кеңес Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу шеңберінде барлық мүдделі құрылымдар үшін де, халық үшін де мемлекеттік органдардың халық алдында ашық және тиімді кері байланысын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты, Сіздерді 2020 жылғы 14 ақпанда сағат 15.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) өтетін онлайн-трансляцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Онлайн-трансляция Министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде қолжетімді болады.

Белгілі бір сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 74-21-99; 8778-778-7758 Оралбеков Нұрлыбек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button