Зерттеулер

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офистерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау

Осы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің (бұдан әрі – Жобалық офис) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау мақсатында әзірленді.

Жобалық офис – негізгі қызметі жобаларды (іс-шараларды) жоспарлау, іске асыру, сүйемелдеу, оларды іске асыруды мониторингілеу және талдау, ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сонымен қатар, Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында PR-стратегияны әзірлеу болып табылатын заңды тұлға.

Жобалық офисті құру, оның қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

Жобалық офистің қызметін үйлестіру үшін жетекшілік ететін әкімнің орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыратын басқарма басшыларымен ай сайынғы негізде кеңес өткізеді.

Жобалық офис өз қызметін мүдделі мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес ұйымдармен және қызметі Жобалық офистің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін өзге де субъектілермен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button