Зерттеулер

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысы бойынша талдамалық баяндама

Талдамалық баяндаманың мақсаты – 2 жыл 9 ай бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуын талдау, оның нәтижелілігін бағалау, сондай-ақ Бағдарламаны одан әрі нәтижелі жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Міндеттері:

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 арнайы жобасының республикалық деңгейде жүзеге асырылуын талдау.

2. 6 арнайы жобаның өңірлер жіктелісінде жүзеге асырылуын талдау, проблемалық мәселелерді анықтау.

3. Бағдарлама бағыттарының өңірлер жіктелісінде жүзеге асырылуын талдау, проблемалық мәселелерді анықтау.

4. Сарапшылық бағалауды талдау.

5. Қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу объектісі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.

Зерттеу мәні – 2 жыл 9 ай ішіндегі Бағдарламаның бағыттары мен арнайы жобаларының жүзеге асырылуының негізгі сандық көрсеткіштерін талдау, проблемалық мәселелер және оны жүзеге асырудың жалпы нәтижелері.

Талдау барысында мынадай ақпарат көздері зерттелді:

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы;

– Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) әзірлеген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын зерттеу бойынша әдіснамалық көзқарастар: Қазақстан-Спектр//Ғылыми журнал. – 2018. – №1-3;

– «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент Мектебі өткізген «Қоғамдық сананы жаңғырту тұрғысынан алып қарағандағы қазіргі қазақстандық қоғамның құндылықтар қондырғылары» тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша талдамалық есебі, 2017 ж.;

– «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі өткізген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелілігі» тақырыбында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша талдамалық есеп, Алматы, 2018ж.;

– «Жастар» ҒЗО» ЖШС жүргізген «Рухани жаңғыру: Бағдарламаның жүзеге асырылуының нәтижелілігі» тақырыбындағы әлеуметтанулық зерттеу, 2019 ж.;

– ҚР АҚДМ ұсынған Бағдарламаның орындалуының сандық көрсеткіштері, 2019 жыл бойынша өңірлердің есептері және өзге де құжаттар.

Әдіснама

Әдіснама негізінде бірнеше бір-бірінен тәуелсіз мәлімет көздерінің үйлесімді пайдаланылуы жатыр. Бұл мәлімет көздері құрамына өңірлерде Бағдарламаның жүзеге асырылуының жаңартылған көрсеткіштері, республикалық, жергілікті жауапты органдардың Бағдарламаның жүзеге асырылуының сандық және сапалық көрсеткіштері туралы тиісті ақпараттарымен қоса есептері, «Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Жастар үні» Жастар қоғамдық бірлестігі өткізген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелілігі» тақырыбында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша талдамалық есеп, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ өткізген эксперттік сауалнама нәтижелері кіреді.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ дайындаған талдауды қоса алғандағы осы сыртқы талдаулар Бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы бойынша толыққанды және ұсынуға жарамды қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Зерттеулер арнайы жобалардың негізгі құбылмалы сандық көрсеткіштерінің типологиясын құрастыруға, статистикалық мәліметтерге салыстырма талдауды пайдалануға, сарапшылар қорытындыларын талдауға негізделеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button