Вакансиялар

Қоғамның жаңғыруын әлеуметтік зерттеулер орталығының сарапшы-менеджері

Қоғамның жаңғыруын әлеуметтік зерттеулер орталығының сарапшы-менеджері лауазымына мынадай талаптар белгіленеді:

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.
  2. Ғылыми басылымдардың болуы.
  3. жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

1)  лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда  4 (төрт) жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2)  Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар үшін жалпы жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес;

3)   Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтау («Болашақ» бағдарламасы);

4) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы;

5) лауазымның ерекшелігі бойынша халықаралық үлгідегі сертификат болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес.

4.         Тілдерді білу: мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button